Суммативное оценивание за раздел
ПРЕДМЕТ: Қазақ тілі мен әдебиеті
КЛАСС: 7
ТАҚЫРЫП: Дұрыс тамақтану
БАРЛЫҚ БАЛЛ: 25
Оқу мақсаттары: 7.1.1.1. Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтау; 7.1.2.1. Мәтіндегі фактілер мен пікірлерді ажырату; 7.2.1.1. Берілген тақырып бойынша шағын мәтін жазу.
ВАРИАНТ 1
1. Оқып, тапсырмаларды орындаңыз (10 балл).
Мәтін: Денсаулық – асыл қазына. Оны сақтауда дұрыс тамақтанудың рөлі зор. Денсаулықты сақтау үшін тағамды тәулікке бірнеше рет, аз-аздан жеу керек. Таңертеңгі ас – күннің ең маңызды тамағы. Ол организмге энергия береді. Күндізгі ас толық болуы тиіс, ал кешкі ас жеңіл болғаны дұрыс. Тамақта түрлі көкөністер мен жемістер, ақуыздар мен көмірсулар болуы қажет. Қант, тұз, майды шектеу керек. Таза су ішу де өте маңызды.
1.1. Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын жазыңыз. (4 балл)
1.2. Мәтіннен дұрыс тамақтану туралы екі факті мен екі ұсыныс (пікір) тауып, кестеге толтырыңыз. (6 балл)
| Фактілер (Нақты деректер) | Ұсыныстар (Пікірлер) |
|---|---|
| 1. 2. |
1. 2. |
2. «Менің дұрыс тағамдану жоспарым» тақырыбында шағын мәтін (8-10 сөйлем) жазыңыз. Мәтініңізде таңертеңгі, түскі, кешкі асқа не жеу керектігіңізді, сондай-ақ су ішу мен зиянды тағамдардан аулақ болу туралы жазыңыз. (10 балл)
3. Төмендегі сөздерді пайдаланып, дұрыс тамақтанудың маңызын сипаттайтын бір сөйлем құрастырыңыз. (5 балл)
денсаулық, энергия, витамин, денсаулықты сақтау, табиғи тағам
Вариант 1. Бағалау схемасы
| № | Жауаптар | Балл | Қосымша ақпарат |
|---|---|---|---|
| 1.1 | Тақырыбы: Дұрыс тамақтану / Денсаулық пен тамақтану. | 1 | Мәтін мазмұнына сәйкес келетін басқа да дұрыс тұжырымдар қабылданады. |
| Негізгі ойы: Денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану өте маңызды / Тамақты тәулікке бөліп, дұрыс құрамымен жеу керек. | 3 | Мәтіннің негізгі идеясын толық жеткізсе – 3 балл. Жартылай дұрыс болса – 1-2 балл. Қате болса – 0 балл. | |
| Тіркелгеннен кейін ашылады: | |||