Мазмұнға өту
БЖБ

БЖБ «Қазақстан барысы, Түлкі мен қырғауыл,Тауды мекендейтін аң-құс» — Қазақ тілі мен әдебиеті, 5‑сынып

«Қазақстан барысы, Түлкі мен қырғауыл,Тауды мекендейтін аң-құс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні, 5‑сынып. Оқу мақсаттары, критерийлер және бірінші тапсырма ашық; барлық тапсырмалар, балл қою кестесі және Word файлы — тегін тіркелгеннен кейін.

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 5-сынып
  • Жаңартылды: 17.11.2026
Өз бөліміңізге БЖБ жасау

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Пән Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып 5
Бөлім Қазақстан барысы, Түлкі мен қырғауыл, Тауды мекендейтін аң-құс
Оқу мақсаттары 5.1.6.1 - тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру;
5.2.6.1 - тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау.
Жалпы балл 25

1-тапсырма (тыңдалым/оқылым) [8 балл]

Мәтінді оқы. Сұрақтарға толық жауап бер.

Мәтін:

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді. Қырғауылға жақындап келеді де: «Сәлеметсіз бе, қырғауылым! Халіңіз қалай?» — дейді. Қырғауыл: «Жақсы, өзің қалай тұрасың?» — дейді. Түлкі: «Неге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді? Бір құлағым естімеуші еді», — дейді. Қырғауыл: «Неге түсуге қорқамын. Жерде әр түрлі аңдар бар. Бізді жеп қоюы мүмкін», — дейді. Түлкі: «Әй, достым, қазір заман бұрынғыдай емес. Жаңа ғана келдім, бұйрық шықты, «біреуге біреу зорлық қылмасын» — депті. «Қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін» — депті», — дейді. Қырғауыл: «Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр. Иттерге де хабарыңызды айтыңыз. Олар да жақсы хабарды естісін», — дейді. «Ит» деген сөзді естіген соң түлкі алды-артына қарамастан, қаша жөнеледі. Қырғауыл: «Қайда барасың, Түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе?» — дейді. Түлкі: «Кім біледі, бұйрықты олар естімеген шығар», — дейді міңгірлеп.
  1. Түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, кімді көрді?
  2. Қырғауыл неге ағаштан түсуге қорықты?
  3. Түлкі қандай бұйрық шыққанын айтады?
  4. Неге түлкі «ит» деген сөзді естіген соң қаша жөнелді?

Материал иесіздендіріліп жарияланды: автордың аты-жөні мен мектептің атауы алынып тасталған.

Мұғалім анықтамалығында: БЖБ мен ТЖБ құрастыру: критерийлер, дескрипторлар, балл

Осы бөлім бойынша басқа БЖБ

Бұл тақырыпты басқа мұғалімдер де әзірлеген — әрқайсысының өз нұсқасы бар.

Өз бөліміңізге БЖБ керек пе?

Бұл жұмыс Telly БЖБ және ТЖБ генераторында жасалған. Пәнді, сыныпты, бөлімді және оқу мақсаттарын көрсетіңіз — бірнеше минутта өз жұмысыңызды аласыз: дескрипторлар және балл қою кестесімен, Word форматында.