БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 5
Бөлім: Ежелгі көшпенділер мәдениеті
Оқу мақсаттары: Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтау
Жалпы балл: 10
Оқушыға арналған нұсқаулық
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. Жауапты жазуға немесе ауызша айтуға болады. Қажет болса, мұғалім мәтінді оқып береді. Суреттің орнына ежелгі көшпенділердің киіз үйі мен жылқысы бейнеленген суреттерді пайдалануға болады.
Мәтін
Ежелгі көшпенділер кең далада өмір сүрген. Олар жылқы, қой және түйе өсірген. Жылқы көшпенділерге алыс жерге баруға көмектесті. Көшпенділер киіз үйде тұрған. Киіз үйді жинап, басқа жерге көшіру оңай болған. Олар киізден киім мен үйге қажет бұйымдар жасаған.
1-тапсырма. Мәтіннің негізгі ақпаратын анықта. (4 балл)
Мәтінге сәйкес келетін жауаптарды таңда. Әр дұрыс жауапты белгіле.
- Көшпенділер қайда өмір сүрген?
А) Кең далада
Ә) Теңіз жағасында - Көшпенділер қандай жануарлар өсірген?
А) Жылқы, қой және түйе
Ә) Арыстан мен жолбарыс - Жылқы көшпенділерге не үшін қажет болған?
А) Алыс жерге бару үшін
Ә) Үй салу үшін - Көшпенділер қандай үйде тұрған?
А) Киіз үйде
Ә) Көпқабатты үйде
Бағалау өлшемі: мәтіннен негізгі ақпаратты табады.