БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
| Пән | Қазақстан тарихы |
| Сынып | 5 |
| Бөлім | Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы |
| Оқу мақсаттары | 5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау |
| Жалпы балл | 7 |
1-нұсқа
1-тапсырма. (3 балл) Төменде ежелгі көшпелілердің дүниетанымына қатысты үш тұжырым берілген. Әр тұжырымды оқып, оны сипаттайтын сөзді немесе сөз тіркесін (анимизм, тотемизм, табиғатқа табыну) жазыңыз.
| № | Тұжырым | Сипаттайтын сөз/сөз тіркесі |
|---|---|---|
| 1.1 | Ежелгі көшпелілер аспан денелерін, желді, суды және отты қасиетті тұтқан. | |
| 1.2 | Көшпелілер белгілі бір жануарды (мысалы, бөрі, бұғы) өздерінің ата-бабасы немесе қорғаушысы санаған. | |
| 1.3 | Олар тас, ағаш, су сияқты табиғат заттарында жан немесе рух бар деп сенген. |