БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Пән: Қазақстан тарихы
Сынып: 5
Бөлім: 5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Оқу мақсаттары: 5.1.1.1 алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау; 5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау; 5.2.2.2 археологиялық деректерге сүйене отырып, андронов және беғазы-дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау; 5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау
Жалпы балл: 10
1-нұсқа
1-тапсырма. Антропологиялық сипаттаманы сәйкестендіріңіз. Әр белгіге сәйкес адам түрін жазыңыз (қазіргі адам, неандерталь, питекантроп). (2 балл)
| Антропологиялық белгілер | Адам түрі |
|---|---|
| Биіктігі 150-160 см, ми көлемі 700-800 см³, маңдайы төмен, жақ сүйегі шығыңқы | |
| Ми көлемі 1400-1600 см³, иегі дамыған, тік жүреді | |
| Ми көлемі 1200-1400 см³, маңдай дөңес, қас дөңесі айқын |