НҰСҚА 1
СЫНЫМАТЫҚ БАҒАЛАУ ЖҰМЫСЫ (СОР)
ПӘНІ: Химия
СЫНЫП: 9
ТАҚЫРЫП: 9.2С 1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары
Оқу мақсаттары:
9.2.1.1 Атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру
9.2.1.2 Сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
9.2.1.4 Кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау
9.2.1.5 Атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау
9.2.1.6 Алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу
Жалпы балл: 15
1-тапсырма (9.2.1.1, 9.2.1.5) (4 балл)
А) Сілтілік металдардың (I топ) және алюминийдің (III топ) атомдық құрылысын салыстырыңыз. Неліктен сілтілік металдар бір валентті, ал алюминий үш валентті? Жауабыңызда электрондық құрылымды (электрондық формуланы) және валенттік электрондар санын қолданыңыз. (2 балл)
Ә) Алюминийдің қасиеттеріне атом құрылысы қалай әсер етеді? Алюминийдің металл екендігін дәлелдейтін екі қасиетін атаңыз. (2 балл)