БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Пән: Химия
Сынып: 9
Бөлім: 9.2А Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Оқу мақсаттары: 9.2.2.3 – тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану; 9.2.2.4 – тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну; 9.2.2.5 – тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну; 9.2.2.6 – тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану – электронды қосып алу деп түсіну; 9.2.2.7 – электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою.
Жалпы балл: 15
1-нұсқа
1-тапсырма. (3 балл) Төмендегі заттардағы тотығу дәрежелерін анықтаңыз:
a) K2Cr2O7 (хромның тотығу дәрежесін);
b) NH4NO3 (азоттың тотығу дәрежесін);
c) H2O2 (оттектің тотығу дәрежесін).
Критерий: Заттардағы элементтердің тотығу дәрежесін ереже бойынша анықтайды.