Жиынтық бағалау жұмысы
Пән: Химия
Сынып: 8
Тақырыбы: 8.2C «Химиялық реакциядағы энергиямен танысу» бөлімі бойынша
Жалпы балл: 12
Оқу мақсаттары:
8.3.1.1 Заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну.
8.3.1.2 Парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну.
8.3.1.3 Экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу.
8.3.1.5 Энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру.
1-тапсырма (3 балл)
8.3.1.1, 8.3.1.2
А) Келесі жану реакцияларының теңдеулерін толтырыңыз. Өнімдердің қайсысы оксид болып табылады?
1. CH4 + 2O2 → ……… + ………
2. 2C8H18 + 25O2 → ……… + ………
Өнімдерден оксид болып табылатындары: _______________________________
Б) Парниктік эффектке әкелетін газдардың атауын жаз. Осы мәселені шешудің екі жолын ұсын.