СЫНЫМАТТАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ (СОР)
ПӘНІ: Геометрия
СЫНЫП: 9
ТАҚЫРЫП: Шеңбер және дөңгелек. Доғаның ұзындығы. Шеңбердің, сектордың және сегменттің ауданы. Дұрыс көпбұрыштар, олардың қасиеттері және симметриясы.
ЖАЛПЫ ҰПАЙ САНЫ: 17
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:
9.1.1.1 Доға ұзындығының формуласын қорытып шығару және қолдану;
9.1.1.2 Сектор және сегменттің ауданының формуласын шығару және қолдану;
9.1.2.4 Дұрыс көпбұрыштың іштей және сырттай сызылған шеңберінің радиустарының арасындағы байланысты білу және қолдану;
9.1.2.4 Дұрыс көпбұрыштың іштей және сырттай сызылған шеңбердің радиустары мен дұрыс көпбұрыштың периметрінің формулаларын білу және қолдану.
ВАРИАНТ 1
1-тапсырма (3 ұпай).
Шеңбердің радиусы 12 см. Осы шеңбердің центрлік бұрышы 120° болатын доғасының ұзындығын табыңыз. (π ≈ 3.14 деп алыңыз).