СУММАТИВТІК БАҒАЛАУ БӨЛІМ БОЙЫНША
Пән: Геометрия
Сынып: 10
Бөлім атауы: Кеңістіктегі перпендикулярлық
Оқу мақсаттары: 10.1.2; 10.3.7; 10.2.11; 10.3.6
Жалпы балл: 20
ВАРИАНТ 1
1-тапсырма (10.1.2, 10.3.7) (6 балл)
Тікбұрышты параллелепипедтің табаны – шаршы, оның қабырғасы 6 см. Бүйір қыры 10 см. Сурет салып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
а) Тікбұрышты параллелепипедтің диагоналін табыңыз. (3 балл)
б) Тікбұрышты параллелепипедтің диагональдарының қиылысу нүктесі оның симметрия центрі болатынын дәлелдеңіз. (3 балл)