Индивидуальный рабочий лист
Психология
Тақырыбы: ҰБТ дайындық тренингі
Мақсаты: «ҰБТ маңызды бірақ барлық өмір емес»
11 сынып
Оқушының аты-жөні: ___________________________
Күні: ___________________________
Нұсқау: Құрметті оқушы! Бұл жұмыс парағында сіз ҰБТ-нің өмірдегі орны, стрессті басқару жолдары және қоғамдық көзқарастар туралы ойланасыз. Барлық 5 тапсырманы мұқият оқып, ойланып жауап беріңіз. Жұппен және топпен жұмыс істеуге дайын болыңыз. Жауап беру үшін жеткілікті орын қалдырылған.
1-тапсырма. «Менің көзқарасым» (Жеке жұмыс)Төмендегі сұраққа жауап беріңіз. Жауабыңызды негіздеп, кем дегенде екі дәлел келтіріңіз.
Сұрақ: Сіздің ойыңызша, ҰБТ сіздің болашағыңыздың ЖАЛҒЫЗ кепілі ме? Неліктен?
Жұптық жұмыс үшін дайындалыңыз: жауабыңызды көршіңізбен салыстырыңыз.
2-тапсырма. «Екі жақты тану» (Жеке/Жұптық жұмыс)Кестені толтырыңыз. Әр баған үшін кем дегенде үш дәлел ойлап табыңыз.
| ҰБТ маңызды, себебі... | ҰБТ барлық өмір емес, себебі... |
|---|---|
| 1. | 1. |
| 2. | 2. |
| 3. | 3. |
Жұппен жұмыс: Көршіңізбен дәлелдеріңізді салыстырып, ең сенімдісін таңдаңыз.
3-тапсырма. «Стресс қарсы шабуыл» (Творчестволық жұмыс)ҰБТ-ге дайындық кезіндегі стрессті жеңуге арналған өзіңіздің жеке жоспарыңызды жасаңыз. Кестені толтырыңыз.
| Стрессті басқару әдісі (Не істеймін?) | Оны қалай және қашан қолданамын? (Толықтыру) | Бұл неге көмектеседі? (Күткен нәтиже) |
|---|---|---|
| 1-әдіс (Мысалы: Тыныс алу жаттығулары) | ||
| 2-әдіс (Сіз таңдайсыз) |
Қоғамда ҰБТ туралы келесі пікірлер жиі естіледі. Олардың әрқайсысына қысқа талдау жазыңыз: бұл пікір қандай қауіпті/пайдалы болуы мүмкін? Сіз оған қаншалықты келісесіз/келіспейсіз?
- «ҰБТ-де төмен балл алсаң, өмірің бітті деген сөз.»
- «Тек ҰБТ-нің нәтижесі адамның ақыл-ойын көрсетеді.»
Топтық жұмыс: Осы талдамаңызды топта талқылауға дайын болыңыз.
5-тапсырма. «Менің формулам» (Рефлексия)Бүгінгі жұмыс негізінде өзіңіз үшін маңызды деп тапқан идеяларды қорытындылап, өзіңіздің формулаңызды құрыңыз. Бос орындарды толтырыңыз.
Менің табыс формулам:
Сәтті ҰБТ = (
Жақсы дайындықДенсаулық + Жеткілікті ұйқы ) + _________________________ + _________________________
Түсіндірме: Бөлшектегідей, жақсы дайындық тек денсаулық пен ұйқының негізінде ғана мүмкін. «+» таңбасынан кейінгі бос орындарға сіздің ойыңызша табысқа әкелетін басқа да маңызды факторларды жазыңыз (мысалы: позитивті ойлау, отбасылық қолдау, уақытты ұтымды пайдалану, т.б.).