ЖЕКЕ ЖҰМЫС ПАРАҒЫ
Пән: География
Тақырып: Дүниежүзі халқының діни құрамы
Сынып/Жасы: 7
Оқушының аты-жөні: _________________________________
Күні: _______________________
Нұсқау!
Сәлеметсіз бе! Бүгінгі сабақта біз әлем халықтарының қандай діндерге сенетінін үйренеміз. Жұмыс парағында 5 тапсырма бар. Олардың барлығы суреттермен, жеңіл сөздермен жазылған. Әр тапсырманы мұқият оқып, суреттерге қара. Жауаптарды жазудың орны берілген. Жауаптарыңды мұқият, үлкен әріптермен жаз. Жұмысты орындауға уақытың жеткілікті. Сәттілік тілеймін!
1-тапсырма. «Сәйкестендіру»
Еске салайық: Дін – адамдардың құдайға сенуі, наным-сенімдері.
Сол жақта діндердің атаулары берілген. Оң жақта олардың сипаттамасы берілген. Сіздің тапсырмаңыз – діннің атауы мен сипаттамасын сызық арқылы дұрыс қосу немесе әріптерді кестенің астындағы бос орынға жазу.
| Діннің атауы (А) | Сипаттамасы (Б) |
|---|---|
| 1. Христиандық | А) Бұл діндегілер Аллаһқа табынады, Мұхаммед пайғамбарды құрметтейді. |
| 2. Ислам | Б) Бұл діндегілер Құдайға сенеді, Иса Мәсіхті құрметтейді. |
| 3. Буддизм | В) Бұл діндегілер табиғат күштеріне, ата-бабалар рухтарына сенеді. |
| 4. Дәстүрлі нанымдар | Г) Бұл діндегілер Буддаға сенеді, тыныштық пен мейірімділікті үйретеді. |
Жауабыңызды осы жерге жазыңыз (мысалы: 1-Б, 2-А т.с.с.):
1. ______ 2. ______ 3. ______ 4. ______