ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
| Пән | Химия |
| Сынып | 10 |
| Тоқсан | 1-тоқсан |
| Оқу мақсаттары |
10.1.2.1 «нуклидтер» мен «нуклондар» ұғымының физикалық мәнін түсіндіру 10.1.2.2 табиғи қоспадағы химиялық элемент изотоптарының орташа салыстырмалы атомдық массаларын есептеу 10.1.2.3 радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптарды қолдануды түсіндіру 10.1.3.1 Квант сандарының мәні мен сипаттамасын атау 10.1.3.2 алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу 10.2.1.1 химиялық элемент атомдарының физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі 10.2.1.2 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру 10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру 10.1.4.2 қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру 10.1.4.3 ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау 10.1.4.7 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну 10.1.4.8 металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру 10.1.4.9 сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру 10.2.2.1 қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» ұғымдарын қолданып есептеулер жүргізу |
| Жалпы балл | 25 |
1-нұсқа
1-тапсырма (4 балл)
Оқу мақсаттары: 10.1.2.1, 10.1.2.2
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну
1.1. (2 балл) «Нуклид» және «нуклон» ұғымдарына анықтама беріңіз. Олардың арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.
1.2. (2 балл) Табиғи хлор изотоптар қоспасынан тұрады: 35Cl (75,8%) және 37Cl (24,2%). Хлордың орташа салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз. Есептеу жолын көрсетіңіз.