СОММАТИВТІ БАҒАЛАУ 3 ТОҚСАН БОЙЫНША
ПӘНІ: ФИЗИКА
СЫНЫП: 11
Оқу мақсаттары:
11.7.1.1 – Электромагниттік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатын дәлелдейтін мысалдар келтіру (элементар бөлшектердің толқындық табиғаты).
11.7.1.4 – Фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру.
11.7.1.5 – Фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау.
11.7.1.6 – Компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны салыстыру.
11.7.2.1 – Табиғи радиоактивті ыдырау құбылысын (α, β және γ) және жартылай ыдырау периоды терминін түсіндіру.
11.7.2.6 – Ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау.
11.7.2.7 – Ядролық энергетиканың даму кезеңдерін талқылау.
Жалпы балл: 30
НҰСҚА 1
1-тапсырма (2 балл)
Мақсаты: 11.7.1.1 – Электромагниттік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатын дәлелдейтін мысалдар келтіру.
Ойлау деңгейі: Білу және түсіну.
Электромагниттік толқынның корпускулалық (бөлшек) табиғатын дәлелдейтін екі құбылысты атаңыз және қысқаша түсіндіріңіз.