Тест: «Танака меморандумы» қаншалықты қауіпті болды?
Пән: Дүниежүзі тарихы
Сынып: 8
Оқу мақсаттары: 8.1.2.1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеялогиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау;
8.3.1.2 тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру;
8.4.1.5 1930 жылдардағы құрылымдық экономикалық дағдарыстың нәтижесінде экономикада орын алған өзгерістерді анықтау
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Танака меморандумының тарихи дерек ретіндегі басты мәселесі қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Құжаттың түпнұсқасы сақталмаған және оның шынайылығы даулы.
B) Құжат ресми түрде Жапония парламентінде талқыланған.
C) Құжаттың мазмұны толығымен Қытайдың саяси көзқарасын көрсетеді.
D) Құжатты 1927 жылы Танака Гиити жазғаны дәлелденген.
2-сұрақ
Танака меморандумында Жапонияның қандай сыртқы саясат бағыты негізделген деп есептеледі?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Жапонияның Қытай мен Кореяны жаулап алу арқылы әлемдік үстемдікке ұмтылуы.
B) Жапонияның бейбіт сауда қатынастарын дамыту жоспары.
C) Жапонияның батыс елдерімен одақ құру стратегиясы.
D) Жапонияның өз колонияларына тәуелсіздік беру саясаты.
3-сұрақ
1930 жылдардағы Ұлы тоқырау Жапония экономикасына қандай өзгеріс әкелді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Жұмыссыздық деңгейі күрт өсіп, ішкі нарық құлдырады.
B) Экспорт көлемі екі есеге артты.
C) Ауыл шаруашылығы толығымен мемлекет меншігіне өтті.
D) Жапония шетелдік инвестицияларды тартуды тоқтатты.