Тест: Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды?
Пән: Дүниежүзі тарихы
Сынып: 6
Оқу мақсаттары: 6.3.2.6 картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарын анықтау
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Крест жорықтарының негізгі себептері қандай үш топқа бөлінеді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Діни, экономикалық, әлеуметтік
B) Саяси, мәдени, әскери
C) Экономикалық, саяси, географиялық
D) Діни, мәдени, сауда
2-сұрақ
1095 жылы крест жорықтарына шақыру жасаған Рим папасы кім?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Урбан II
B) Григорий VII
C) Иннокентий III
D) Лев IX
3-сұрақ
Бірінші крест жорығының (1096-1099) негізгі нәтижесі қандай болды?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Иерусалимді басып алып, крестші мемлекеттерін құру
B) Константинопольді басып алу
C) Мысырды жаулап алу
D) Византия империясын қалпына келтіру