Тест: Келер шақ
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 7
Сұрақ саны: 6
Уақыты: 3 мин
1-сұрақ
Келер шақ дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Іс-әрекеттің бұрын орындалғанын білдіретін шақ.
B) Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезде орындалуын білдіретін шақ.
C) Іс-әрекеттің алдағы уақытта орындалатынын білдіретін шақ.
D) Іс-әрекеттің үнемі қайталануын білдіретін шақ.
2-сұрақ
Келер шақ мағынасы мен жасалуына қарай неше түрге бөлінеді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) 2
B) 4
C) 3
D) 5
3-сұрақ
Қай сөйлемде мақсатты келер шақ қолданылған?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Ол ертең қалаға барар.
B) Біз келесі жылы шетелге оқуға түспекпіз.
C) Мен күн сайын кітап оқимын.
D) Олар кеше ауылға келді.