Тест: Сөйлемде оқшауланып тұратын сөздер
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 4
Оқу мақсаттары: 4.3.5.1.стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен анықтап, түзету. жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Сөйлемде оқшауланып тұратын сөздердің бірі қалай аталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Одағай
B) Зат есім
C) Етістік
D) Сын есім
2-сұрақ
«Алақай! Мен жүлдегер атандым.» сөйлеміндегі одағай сөзді табыңыз.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Алақай
B) жүлдегер
C) атандым
D) Мен
3-сұрақ
«Пай-пай, қандай әдемі ғарыш!» сөйлемінде одағай сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылған?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Үтір
B) Леп белгісі
C) Нүкте
D) Сұрақ белгісі