Тест: Тіл біліміне кіріспе
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2
Сұрақ саны: 25
Уақыты: 40 мин
1-сұрақ
Фонема мен сөйлеу дыбысының арақатынасын ғылыми тұрғыдан дұрыс сипаттайтын тұжырымды анықтаңыз.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Фонема – сөйлеу барысында жасалатын нақты акустикалық құбылыс, ал дыбыс – оның абстрактілі моделі.
B) Фонема – сөз мағынасы мен тұлғасын ажыратуға қызмет ететін абстрактілі тілдік бірлік, ал сөйлеу дыбысы – оның нақты айтылымдағы жүзеге асуы.
C) Фонема – сөйлеу мүшелерінің белгілі бір қалпынан туындайтын дыбыс, ал сөйлеу дыбысы – фонеманың жазудағы таңбасы.
D) Фонема – сөз құрамындағы кез келген дыбыстық өзгеріс, ал сөйлеу дыбысы – өзгеріске ұшырамайтын тұрақты бірлік.
E) Фонема – дыбыстың тек акустикалық қасиеттерінің жиынтығы, ал сөйлеу дыбысы – оның грамматикалық қызметін білдіретін бірлік.
2-сұрақ
Қазақ тіліндегі ілгерінді ықпалдың фонетикалық табиғатын дұрыс түсіндіретін тұжырымды көрсетіңіз.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Кейінгі дыбыстың артикуляциялық ерекшелігі алдыңғы дыбыстың айтылуын өзгертеді.
B) Сөз құрамындағы дауыстылардың жуан-жіңішкелігі дауыссыздардың жасалу тәсілін толық анықтайды.
C) Алдыңғы дыбыстың фонетикалық белгісі кейінгі дыбыстың айтылуына әсер етеді.
D) Қатар келген дыбыстардың екеуі де бір-бірінің ықпалымен жаңа дыбысқа айналады.
E) Сөз құрамындағы дыбыстардың өзгеруі тек морфемалардың мағыналық қатынасына байланысты болады.
3-сұрақ
Дауысты дыбыстардың акустикалық және артикуляциялық белгілерін өзара дұрыс сәйкестендіретін жауапты табыңыз.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Акустикалық белгісі – тілдің көтерілу дәрежесі; артикуляциялық белгісі – дыбыстың негізгі тоны мен форманттары
B) Акустикалық белгісі – еріннің қатысы; артикуляциялық белгісі – дыбыс толқынының жиілігі.
C) Акустикалық белгісі – ауа ағысының кедергіге ұшырауы; артикуляциялық белгісі – дыбыстың ұзақтығы.
D) Акустикалық белгісі – негізгі тон мен форманттық құрылым; артикуляциялық белгісі – тілдің қалпы, жақтың ашылуы және еріннің қатысы.
E) Акустикалық белгісі – дыбыстау мүшелерінің түйісуі; артикуляциялық белгісі – дыбыс қарқындылығы.