Тест: Когнитивті лингвистика
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 11
Сұрақ саны: 7
Уақыты: 10 мин
1-сұрақ
Когнитивті лингвистиканың негізгі зерттеу нысанын дәл көрсетіңіз.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Тілдің тарихи даму заңдылықтары
B) Тіл мен адам танымының өзара байланысы
C) Сөйлеу дыбыстарының артикуляциясы
D) Сөздердің морфологиялық құрамы
2-сұрақ
Когнитивті лингвистикадағы «концепт» ұғымының мәнін қай нұсқа толық ашады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Сөздің грамматикалық мағынасы
B) Тек сөздікте берілген лексикалық анықтама
C) Адам санасында қалыптасқан, мәдени және танымдық мазмұнға ие менталдық бірлік
D) Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
3-сұрақ
Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуына қандай факторлар ықпал етті?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Құрылымдық лингвистика мен салыстырмалы-тарихи зерттеулер
B) Когнитивтік психология мен лингвистикалық семантика
C) Әлеуметтік лингвистика мен диалектология
D) Фонетика мен морфологияның дамуы