Мазмұнға өту
Тест

Тест «Сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілері» — Қазақ тілі, 10‑сынып

«Сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілері» тақырыбы бойынша жауаптары бар тест, Қазақ тілі пәні, 10‑сынып. Алғашқы сұрақтары ашық; барлық сұрақтар, жауаптар және Word файлы — тегін тіркелгеннен кейін.

  • Қазақ тілі
  • 10-сынып
  • Жаңартылды: 10.11.2026
Өз тақырыбыңызға тест жасау

Тест: Сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілері

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 10

Оқу мақсаттары: 10. 4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

Сұрақ саны: 10

Уақыты: 30 мин

1-сұрақ

«Бүгін ауа райы бұзылады деп күттім бірақ күн ашық болып шықты» сөйлемі және түсіп қалған тыныс белгісі?

Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.

A) Шартты сабақтас құрмалас өсйлем. Үтір.
B) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем. Үтір, сызықша.
C) Себеп-салдар құрмалас сөйлем. Сызықша.
D) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем. Үтір.
E) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем. Қос нүкте.

2-сұрақ

Автор сөзі мен төл сөздің орын тәртібіне қатысты тиісті тыныс белгілері қате қойылған нұсқа?

Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.

A) Шәкәрімнің «Адамдықтың негізі - адалдық» деген тұжырымы ұрпаққа өшпес мұра болып қалды.
B) «Қазақ әдебиетінің тамыры тереңде жатыр» - деп жазды әдебиетші-ғалым өз еңбегінде.
C) «Елім дейтін ер болмаса - елдің бәрі қор болар», - деп жырлады ақын көрегендікпен.
D) «Тіл - халықтың жаны» демекші, ана тілін ардақтау - әрбір саналы азаматтың парызы.

3-сұрақ

"Жанар ерте оянды жуынды жақсылап боянды асықпай тамағын ішті" сөйлеміндегі баяндауыштар арасындағы қойылатын тыныс белгісі және оның қызметі

Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.

A) Сызықша. Теңестіру, жинақтау, кейбір мағыналық қатынасты көрсетті.
B) Қос нүкте. Кейбір бөліктің түсіндіретінін және себебін ашу үшін қолданылды.
C) Нүктелі үтір. Іштей күрделі, салыстырмалы дербес бөліктерді санамалады.
D) Ешқандай тыныс белгісі қойылмайды
E) Үтір. Бірыңғай сөздерді айыра алу үшін қолданылды.

Материал иесіздендіріліп жарияланды: автордың аты-жөні мен мектептің атауы алынып тасталған.

Өз тақырыбыңызға тест керек пе?

Бұл тест Telly тест генераторында жасалған. Пәнді, сыныпты және тақырыпты көрсетіңіз — бірнеше минутта өз тестіңізді аласыз: жауап нұсқалары, кілті және оқушыларға арналған сілтемесімен.