Тест: Мен бірінші сыныпта оқимын
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 1
Оқу мақсаттары: 1.2.1.1* сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану;
1.5.1.3* сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен етістіктің шақтарын, бұйрық рай, болымды /болымсыз етістікті қолдану
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
«Мен бірінші сыныпта оқимын» деген сөйлемдегі етістікті тап.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) оқимын
B) мен
C) бірінші
D) сыныпта
2-сұрақ
«Мен сабақта ...» сөйлемін қай сөзбен аяқтайсың?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) жазамын
B) ойнаймын
C) ұйықтаймын
D) жүгіремін
3-сұрақ
Қай сөйлемде болымсыз етістік қолданылған?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Мен жүгірмеймін.
B) Мен сурет саламын.
C) Мен кітап оқимын.
D) Мен доп ойнаймын.