Тест: Етістіктің райлары
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 8
Оқу мақсаттары: Райлардың түрлерін (ашық, бұйрық, шартты, қалау) біледі, жазба жұмыстарында орынды қолданады
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
«Мен ертең кітапханаға барамын» сөйлеміндегі етістік қай райда тұр?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Ашық рай
B) Бұйрық рай
C) Шартты рай
D) Қалау рай
2-сұрақ
«Үйге кел!» сөйлеміндегі етістіктің райы қалай аталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Шартты рай
B) Қалау рай
C) Ашық рай
D) Бұйрық рай
3-сұрақ
«Егер оқысаң, білесің» сөйлеміндегі «оқысаң» етістігі қай райға жатады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Бұйрық рай
B) Шартты рай
C) Қалау рай
D) Ашық рай