Тест: «Білім. Ғылым. Инновация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 8
Оқу мақсаттары: 8.3.4.1 мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау;
8.5.1.1 болжалдық сан есімдердіжазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Ғылыми стильдегі мәтіннің негізгі ерекшелігі қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Терминдердің мол қолданылуы
B) Көптеген көркемдегіш құралдардың болуы
C) Диалогтық форманың басым болуы
D) Эмоционалды-экспрессивті лексиканың жиі кездесуі
2-сұрақ
Публицистикалық стильде жазылған мәтіннің басты мақсаты қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Автордың жеке көзқарасын білдіру
B) Оқырманды белгілі бір идеяға сендіру
C) Ғылыми жаңалықтарды дәл сипаттау
D) Көркем образдар арқылы әлемді суреттеу
3-сұрақ
«Ғажайып планета» мәтініндегі «Жер бетінде он шақты ғалым жиналды» деген сөйлемдегі болжалдық сан есімді анықтаңыз.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Жер
B) он шақты
C) ғалым
D) жиналды