Тест: Менің мектебім
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 7
Оқу мақсаттары: 5.1.2.1.тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау;
5. 2. 5. 1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу;
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Мектептегі басты ережелердің бірі қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Сабаққа кешікпеу
B) Үй тапсырмасын орындамау
C) Мұғалімге сәлем бермеу
D) Сыныпта сөйлесу
2-сұрақ
Ереже бұзған оқушыға қандай шара қолданылады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Ескерту жасалады
B) Мектептен шығарылады
C) Қосымша сабаққа қалдырылады
D) Ата-анасы шақырылады
3-сұрақ
Мәтіндегі «әділеттілік» ұғымы қалай түсіндіріледі?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Ережелердің бәріне бірдей қолданылуы
B) Күштілердің ғана ережені сақтауы
C) Мұғалімдердің ғана ережені білуі
D) Оқушылардың еркін әрекет етуі