Тест: Отбасы күнін тойладық
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 6
Оқу мақсаттары: 6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау;
6. 2. 3. 1 ауызша мәтіндер құрауда хабарлы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту
6. 5. 1. 1 мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Тірек сөздерге қарап мәтіннің тақырыбын болжаңыз: отбасы, мереке, тойладық, ата-ана, туыстар, сыйлық, қуаныш, дастарқан.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Отбасы күнін тойлау
B) Мектеп мерекесін өткізу
C) Спорт жарысына қатысу
D) Табиғатты қорғау
2-сұрақ
Мәтін бойынша «Отбасы күні» қай айда тойланады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) қыркүйекте
B) қазанда
C) наурызда
D) мамырда