Тест: Әлемдік мұхиттың маңызы. 2-сабақ
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 10
Оқу мақсаттары: 10.1.2.1 мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру;
10. 3. 2. 1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтін-
дердің (баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық
және тілдік ерекшеліктерін талдау.
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Мәтінді тыңдау барысында қандай әрекетті орындау қажет?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Мәтіндегі сөздердің аудармасын жазу
B) Мәтінді жаттап алу
C) Мәтінді толықтай көшіріп алу
D) Негізгі идеяларды қысқаша түртіп жазу
2-сұрақ
Ғылыми-көпшілік стильдегі мәтіннің басты мақсаты не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Көркем образдар арқылы оқырманды әсерлендіру
B) Заңдық нормаларды нақтылау
C) Ғылыми ақпаратты көпшілікке түсінікті етіп жеткізу
D) Жеке пікір мен эмоцияны білдіру
3-сұрақ
Публицистикалық стильдегі мәтіндердің құрылымына қайсысы тән?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Кесте мен графиктерден тұру
B) Өлең жолдарынан құралу
C) Тек монолог түрінде берілу
D) Айдар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды