Тест: Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 8
Оқу мақсаттары: Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көз қарасын дәлелдеу үші орынды қолдану
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Қорқыт атаның атымен байланысты музыкалық аспап қайсысы?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Қобыз
B) Домбыра
C) Жетіген
D) Сыбызғы
2-сұрақ
«Қорқыттың өлімі» аңызында Қорқыт өлімнен құтылу үшін қандай әрекет жасайды?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Дүниені шарлап, өлім жоқ жерді іздейді
B) Қорған салып, ішінде жасырынады
C) Өзенмен жүзіп, алыс елге кетеді
D) Биік тауға барып, үңгірге тығылады
3-сұрақ
Аңыз бойынша, Қорқыт өлімнің сөзсіз екенін қай сәтте түсінеді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Өзіне қабір қазылып жатқанын көргенде
B) Көзі көрмей қалғанда
C) Жолда серіктерінен айырылғанда
D) Аты шаршап, жүре алмағанда