Тест: Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы
Пән: Қазақстан тарихы
Сынып: 11
Оқу мақсаттары: 11.2.1.3 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін «депортация», «арнайы қонысаударылғандар», «полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат», «интернационализм» ұғымдарын пайдалану;
11.2.1.2 Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу;
11.2.1.4 Кеңестік кезеңде Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлесу ерекшеліктерін түсіндіру;
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
«Арнайы қоныс аударылғандар» ұғымы нені білдіреді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Ерікті түрде Қазақстанға көшіп келген адамдар
B) Мәжбүрлі түрде арнайы мекенге көшіріліп, бақылауға алынған адамдар
C) Кеңес өкіметіне қызмет еткен шенеуніктер
D) Қазақстанда тұрақты тіркелген барлық тұрғындар
2-сұрақ
Кеңестік кезеңде «полиэтникалық қоғам» дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Бір ғана ұлт өкілдері тұратын қоғам
B) Әртүрлі ұлт өкілдері бірге өмір сүретін қоғам
C) Тек қана қалалық жерде тұратын адамдар тобы
D) Мемлекеттік тілді ғана қолданатын қоғам
3-сұрақ
Қазақстанға корейлердің депортациясы қай жылы жүзеге асты?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) 1935 жыл
B) 1937 жыл
C) 1940 жыл
D) 1944 жыл