Тест: «Өркениет» түсінігі
Пән: Қазақстан тарихы
Сынып: 10
Оқу мақсаттары: 10.1.1.1 -тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «өркениет», «өркениет типі» терминдерін қолдану;
10.1.1.2 -«Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру;
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
«Өркениет» ұғымын тарихи контексте алғаш рет қолданған ойшыл кім?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Вольтер
B) Аристотель
C) Ибн Сина
D) Шоқан Уәлиханов
2-сұрақ
Төмендегілердің қайсысы өркениеттің негізгі белгілерінің бірі болып табылады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Жазу
B) Аңшылық
C) Тайпалық қатынастар
D) Көшпелі өмір салты
3-сұрақ
Салыстырмалы әдіс бойынша өркениеттерді зерттеу дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Әртүрлі өркениеттердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру
B) Бір өркениеттің ішкі дамуын хронологиялық тұрғыдан зерттеу
C) Өркениеттердің діни негіздерін анықтау
D) Өркениеттердің географиялық орнын картаға түсіру