Тест: №3-ЗТ «Күрделі эфирлердің алынуы және қасиеттері
Пән: Химия
Сынып: 11
Оқу мақсаттары: 11.4.2.9 этерификация реакциясының механизмі
11.4.2.10 карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттар және биодизельді отындардың қолданылу аймағын атау
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Этерификация реакциясының бірінші сатысы қандай процестен басталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Карбонил оттегінің протондануы
B) Спирттің нуклеофильді шабуылы
C) Судың бөлінуі
D) Күрделі эфирдің түзілуі
2-сұрақ
Этил спирті мен сірке қышқылының этерификация реакциясында түзілетін күрделі эфир қалай аталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Этилацетат
B) Метилацетат
C) Этилпропаноат
D) Метилформиат
3-сұрақ
Этерификация реакциясының катализаторы ретінде қандай зат қолданылады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Концентрлі күкірт қышқылы
B) Натрий гидроксиді
C) Темір (III) хлориді
D) Калий перманганаты