Тест: Ковалентті байланыс. Ковалентті байланыс қасиеттері
Пән: Химия
Сынып: 10
Оқу мақсаттары: 10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
10.1.4.2 қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру
10.1.4.3 ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Ковалентті байланыс қандай бөлшектер арасында түзіледі?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Металл және бейметалл атомдары арасында
B) Бейметалл атомдары арасында
C) Металл атомдары арасында
D) Иондар арасында
2-сұрақ
Алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыс түзілгенде әр атом неше электрон береді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Бір электроннан
B) Екі электроннан
C) Үш электроннан
D) Төрт электроннан
3-сұрақ
Донор-акцепторлы механизм бойынша байланыс түзілуі үшін қандай шарт қажет?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Бір атомның бос электрон жұбы, екінші атомның бос орбиталы болуы
B) Екі атомның да бос электрон жұбы болуы
C) Екі атомның да бос орбиталы болуы
D) Атомдардың электртерістілігі бірдей болуы