Тест: Перпендикуляр,көлбеу және оның проекциясына есептер шығару
Пән: Геометрия
Сынып: 7
Оқу мақсаттары: 7.1.2.10 перпендикуляр түзулердің қасиеттерін білу және қолдану;
Сұрақ саны: 5
Уақыты: 15 мин
1-сұрақ
Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық қалай анықталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Нүктеден түзуге жүргізілген кез келген кесіндінің ұзындығы
B) Нүктеден түзуге жүргізілген перпендикулярдың ұзындығы
C) Нүктеден түзуге жүргізілген көлбеудің ұзындығы
D) Нүктеден түзуге жүргізілген екі көлбеудің ұзындықтарының қосындысы
2-сұрақ
Берілген нүкте арқылы берілген түзуге перпендикуляр түзу қанша болады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Тек біреу
B) Екі
C) Шексіз көп
D) Бір де болмайды