Тест: Қиық пирамида.
Пән: Геометрия
Сынып: 11
Оқу мақсаттары: 11.1.5-қиық пирамида анықтамасын білу, оны жазықтықта кескіндей алу;
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Қиық пирамида дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Пирамиданы оның табанына параллель жазықтықпен қиғанда пайда болатын көпжақ
B) Екі параллель жазықтық арасындағы көпжақ
C) Барлық жақтары үшбұрыш болатын көпжақ
D) Негізі дөңгелек болатын көпжақ
2-сұрақ
Төмендегі суреттердің қайсысы қиық пирамиданы көрсетеді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) A суреті
B) B суреті
C) C суреті
D) D суреті
3-сұрақ
Қиық пирамиданың бүйір жақтары қандай пішінде болады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Үшбұрыш
B) Трапеция
C) Тіктөртбұрыш
D) Квадрат