Тест: заттардың жіктелуі. бжб
Пән: География
Сынып: 5
Оқу мақсаттары: 5.3.3.2 - зертханалық жағдайда заттарды бөліп ала алу
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Заттардың қандай белгісі бойынша оларды қатты, сұйық және газ тәрізді деп жіктейді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Түсі бойынша
B) Дәмі бойынша
C) Иісі бойынша
D) Агрегаттық күйі бойынша
2-сұрақ
Зертханалық жағдайда құм мен үгітілген бор қоспасын бөлу үшін қандай әдіс қолданылады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Магнитпен бөлу
B) Буландыру
C) Сүзу
D) Айыру (дистилляция)
3-сұрақ
Шай қапшығын пайдаланып шай дайындау кезінде қандай бөлу әдісі қолданылады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Магнитпен тарту
B) Буландыру
C) Сүзу
D) Тығыздық бойынша айыру