Тест: Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу шаралары
Пән: Биология
Сынып: 8
Оқу мақсаттары: 8.4.3.1-қарапайымдылар,саңырауқұлақтар,
бактериялар мен вирустар қоздыратынмен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін сипаттау және алдын алу шараларын сипаттау
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Қарапайымдылар қоздыратын ауруды көрсетіңіз.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Безгек
B) Тұмау
C) Оба
D) Терінің саңырауқұлақ инфекциясы
2-сұрақ
Саңырауқұлақтар қоздыратын аурудың жұғу жолын анықтаңыз.
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Науқас адаммен немесе жануармен тікелей жанасу арқылы
B) Лас ауа арқылы жөтелгенде
C) Шіріген тағамдарды жегенде
D) Зақымдалған тері арқылы вирус енгенде
3-сұрақ
Бактериялар қоздыратын аурудың ерекшелігі қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Антибиотиктермен емделеді
B) Тек ауа-тамшы арқылы жұғады
C) Жасушалық құрылысы жоқ
D) Тек жануарлар арқылы жұғады