Тест: Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Пән: Биология
Сынып: 7
Сұрақ саны: 15
Уақыты: 10 мин
1-сұрақ
Жүйке жүйесінің негізгі құрылымдық және функционалдық бірлігі қандай?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Нейрон
B) Дендрит
C) Миелин қабығы
D) Синапс
2-сұрақ
Нейронның импульс тасымалдайтын ұзын өсімі қалай аталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Аксон
B) Дендрит
C) Нейроглия
D) Сома
3-сұрақ
Орталық жүйке жүйесіне нелер кіреді?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Ми және жұлын
B) Ми және жүйкелер
C) Жұлын және жүйке түйіндері
D) Симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер