Тест: Қайталанбайтын терулер. Комбинаториканың негізгі формулары.
Пән: Алгебра
Сынып: 9
Оқу мақсаттары: 9.3.1.3 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру анықтамаларын білу;
9.3.1.4қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын білу;
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Қайталанбайтын орналастыру дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) n элементтен k элементті таңдап алып, оларды ретімен орналастыру
B) n элементтің барлығын ретімен орналастыру
C) n элементтен k элементті таңдап алу, ретін ескермеу
D) n элементтен k элементті қайталау арқылы таңдау
2-сұрақ
Қайталанбайтын алмастыру дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) n элементтің барлығын ретімен орналастыру
B) n элементтен k элементті ретімен таңдау
C) n элементтен k элементті қайталау арқылы орналастыру
D) n элементтен k элементті ретсіз таңдау
3-сұрақ
Қайталанбайтын теру дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) n элементтен k элементті ретін ескермей таңдау
B) n элементтен k элементті ретімен таңдау
C) n элементтің барлығын ретімен орналастыру
D) n элементтен k элементті қайталау арқылы таңдау