БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Пән: Математика
Сынып: 6
Бөлім: Натурал сандары және шкалалар. Натурал сандарды қосу және алу. Натурал сандарын көбейту және бөлу
Оқу мақсаттары: 6.2.1.4 қосу, алу, көбейту, бөлу қасиеттерінің әріптік жазбасын білу, есептеулерге қолдану; 6.2.1.5 қарапайым теңдеулерді құрастырып, шығару, теңдеулер құрастыру көмегімен есептер шығару; 6.1.1.7 натурал сандарын көбейтуді және оның қасиетін білу, мысалдар шығарғанда қолдану, есептер шығару
Жалпы балл: 10
1-тапсырма (3 балл)
Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, ыңғайлы тәсілмен есептеңіз:
37 + 48 + 63 + 52
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектің мәнін табыңыз:
25 · 24
Бөлудің қасиетін пайдаланып, өрнектің мәнін есептеңіз:
(36 + 48) : 6