Бөлім бойынша жиынтық бағалау (СОР)
Пән: Математика
Сынып: 5
Бөлім: Натурал сандардың бөлінгіштігі
Жалпы балл: 25
1-нұсқа
Оқу мақсаттары:
- 5.1.2.9 Натурал сандардың еселіктерін табу
- 5.1.2.10 Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау
- 5.1.2.5 Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану
- 5.1.2.6 Натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану
- 5.1.1.3 Натурал сан дәрежесінің анықтамасын білу
- 5.1.1.4 Натурал санды ондық жазылу түрінде көрсету
- 5.1.2.4 Бірдей сандардың көбейтіндісін дәреже түрінде жазу
- 5.1.2.7 Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
- 5.1.1.7 Ортақ бөлгіш, ортақ еселік, ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ), ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) ұғымдарының анықтамаларын білу
- 5.1.2.12 Екі және одан артық сандардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табу
- 5.1.1.8 Өзара жай сандардың анықтамасын білу
Тапсырмалар
1-тапсырма (2 балл). 28 санының алғашқы бес еселігін жазыңыз. Осы сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін анықтаңыз.