Суммативное оценивание за раздел
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 9
Бөлім тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис
Оқу мақсаттары:
1. Мәтінде көтерілген мәселеге баға береді
2. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді анықтайды
3. Жазбаша пікір жазады
Жалпы балл: 17
Вариант 1
Мәтін:
Қазіргі заманда интернет-басылымдар бұқаралық ақпарат құралдарының аса маңызды бөлігіне айналды. Бірақ олардың кейбірі нақты деректерді тексермей, жалған ақпараттарды таратуы мүмкін. Бұл адамдардың қауіпсіздігіне де әсер етеді. Мысалы, дәрігерлік кеңестерді интернеттен іздегенде, дұрыс емес ақпарат денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан әрбір ақпаратты сыни тұрғыдан қарау, оның дереккөзін тексеру қажет. БАҚ-тың негізгі міндеті – ақиқатты хабарлау болуы тиіс.
1-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінде көтерілген негізгі мәселе қандай? Оның қоғамға әсерін бағалаңыз. (4 балл)