БЖБ (Бөлім бойынша жиынтық бағалау)
ПӘН: Қазақ тілі мен әдебиеті
СЫНЫП: 7
БӨЛІМ: Туған өлке публистика беттерінде. Спорт және денсаулық күтімі.
ЖАЛПЫ БАЛЛ: 12
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:
- 7.3.2.1. ресми-іскерлік (өтініш) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау;
- 7.4.1.1. мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш жазу.
ТАПСЫРМАЛАР
1-тапсырма. Мәтін талдау (4 балл)
Төмендегі өтініш мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беріңіз:
"Құрметті қала әкімдігі! Біздің мектеп маңындағы спорт алаңының жағдайы нашар. Алаң беті тегіс емес, құрылымдар бұзылған. Оны жөндеуді өтінеміз. Бұл жерде оқушылар мен тұрғындар денсаулықтарын нығайтады. Өтінішті 7 "А" сынып оқушылары."
а) Бұл мәтіннің тілдік ерекшеліктерін атаңыз (2 балл)
ә) Мәтіннің жанры мен стилін анықтаңыз (2 балл)