БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
| Пән | Қазақ әдебиеті |
| Сынып | 11 |
| Бөлім | Қ.Аманжоловтың "Өзім туралы" шығармасы |
| Оқу мақсаттары | 11.3.3.1. Көркем шығармадағы автор бейнесі мен лирикалық кейіпкердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау |
| Жалпы балл | 10 |
1-тапсырма (5 балл)
Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңіндегі автор бейнесі мен лирикалық кейіпкердің портретін салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз. Жауабыңызды өлең жолдарымен дәлелдеңіз.
Критерийлер:
- Автор бейнесінің кемінде екі ерекшелігін көрсетеді – 1 балл
- Лирикалық кейіпкердің кемінде екі ерекшелігін анықтайды – 1 балл
- Ұқсастықтарын (кемінде бір) дәлелдейді – 1 балл
- Айырмашылықтарын (кемінде бір) дәлелдейді – 1 балл
- Өлең жолдарымен нақты дәлел келтіреді – 1 балл