СЫНЫМТАЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖҰМЫСЫ (СОР)
ПӘН: Химия
СЫНЫП: 7
ТАҚЫРЫП: Атомдар. Молекулалар. Заттар
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:
- 7.1.2.2 – Химиялық элементтің таңбамен белгіленетінін және оның атомдардың белгілі бір түрі екенін білу;
- 7.1.2.3 – Элементтерді металдар мен металл еместерге жіктеу;
- 7.1.2.4 – Заттарды жай және күрделі заттарға жіктеу;
- 7.1.2.6 – Атом құрылымын (p+, n0, e-) жәе тұңғыш 20 элемент атом ядросының құрамын білу;
- 7.1.2.7 – «Изотоп» ұғымын білу.
ЖАЛПЫ БАЛЛ: 15
Вариант 1
Тапсырма 1 (3 балл). Төмендегі химиялық элементтерді олардың таңбаларымен сәйкестендір.
| Элемент | Таңба |
|---|---|
| 1. Көміртек | А. O |
| 2. Оттегі | Б. Na |
| 3. Натрий | В. C |
Жауабы: 1-___, 2-___, 3-___.