БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
1-нұсқа
| Пән: | География |
| Сынып: | 7 |
| Бөлім: | Картография және географиялық деректер базасы |
| Оқу мақсаттары: | 7.2.1.1 Картосхемаларды жасай алады 7.2.1.2 Географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 7.2.2.1 Географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді |
| Жалпы балл: | 12 |
Тапсырма 1. Төменде Қазақстанның физикалық картасындағы белгісіз нүктелердің сипаттамасы берілген. Осы сипаттамалар бойынша картосхема сызыңыз.
Сипаттама: «Ауданның батыс бөлігінде биіктігі 200-300 м болатын жазық орналасқан. Оның шығысында биіктігі 1000 м-ден асатын тау жотасы бар. Осы екі нысанның арасынан ірі өзен ағып өтеді. Өзеннің оң жағалауында қарағайлы орман, сол жағалауында шалғынды дала орналасқан».
Бағалау критерийлері:
- Картосхемада жазық, тау, өзен, орман, дала белгіленген – 1 балл
- Нысандардың орналасуы сипаттамаға сәйкес келеді – 1 балл
- Шартты белгілер (легенда) көрсетілген – 1 балл
Балл: 3