| Жиынтық бағалау (СОР) | |
|---|---|
| Пән | География (Құқық негіздері) |
| Сынып | 10 |
| Бөлім тақырыбы | 13 Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері. Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері |
| Оқу мақсаттары |
10.4.1.1 Қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын түсіндіру; 10.4.1.2 Қылмыстық процесс субъектілерін ажырату; 10.4.1.3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсету; 10.4.2.1 Азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау; 10.4.2.2 Азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау; 10.4.2.3 Кәмелетке толмағандардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін анықтау. |
| Балл | 15 |
| Уақыты | 20 минут |
1-тапсырма. Қылмыстық процесс негіздері (5 балл)
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Күдікті А. ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу барысында оның адвокатпен кездесуіне, өзіне қарсы куәлік бермеуіне және іс материалдарымен танысуына жағдай жасалды. Алайда тергеуші А.-ны қамауда ұстау мерзімін негізсіз ұзартты.
- Қылмыстық процестің қандай қағидаты бұзылды? (1 балл)
- Тергеудің заңды жүруі үшін қандай міндеттерді орындауы қажет? (2 балл)
- Төмендегі кестені толтырыңыз: әрбір субъектінің қылмыстық процестегі рөлін анықтаңыз. (2 балл)
Қылмыстық процесс субъектісі Процестегі рөлі Прокурор Жәбірленуші