«Ғылым әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Вариант 1
Оқу мақсаттары: 5.1.1.1 Ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау; 5.1.3.1 Зерттеу жоспарын құрастыру; 5.1.3.2 Зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін тұжырымдау.
Орындау уақыты: 15 минут
Балл: 8
-
Ғылымның қызметтерін анықтаңыз. Төмендегі тізімнен ғылымның үш негізгі қызметін тауып, оларды жазыңыз: адамдардың көңіл-күйін көтеру, табиғат заңдылықтарын түсіндіру, музыкалық шығармалар жазу, жаңа технологиялар жасау, спорттық жарыстар ұйымдастыру, ауа райын болжау. (2 балл)
-
Зерттеу жоспарын құрастырыңыз. Сізге «Судың қантты еріту жылдамдығына температураның әсері» тақырыбында зерттеу жүргізу керек. Зерттеу жоспарының дұрыс ретін анықтап, әр қадамды ретімен жазыңыз: Қорытынды жасау, болжам жасау, эксперимент жүргізу, мақсат қою, нәтижелерді талдау. (3 балл)
-
Қауіпсіздік ережелерін тұжырымдаңыз. Төмендегі суретте зертханада жұмыс істеп жатқан оқушы бейнеленген. Суреттегі екі қауіпті жағдайды анықтап, әрқайсысына қауіпсіздік техникасының ережесін тұжырымдаңыз. (3 балл)