БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
| Пән | Биология |
| Сынып | 9 |
| Бөлім | Бөліп шығару |
| Оқу мақсаттары | 9.1.5.1 Нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау; 9.1.5.2 Фильтрация және несептің түзілу үдерістерін сипаттау; 9.1.5.4 Зәр шығару жүйесі мүшелері мен бүйрек ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру; 9.1.5.5 Әртүрлі ағзалардың мекен ету ортасы мен зат алмасудың соңғы өнімдері арасындағы байланысты орнату. |
| Жалпы балл | 16 |
1-нұсқа
1-тапсырма. (2 балл) Нефронның құрылысы мен қызметі.
Суретте нефронның бір бөлігі көрсетілген. Суреттегі 1, 2, 3 сандарымен белгіленген құрылымдарды атаңыз және олардың қызметін қысқаша сипаттаңыз.
(Сурет: нефрон – 1 – Шумақша (капсула), 2 – Бүйрек өзекшелері (проксимальды), 3 – Генле ілмегі)