БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
| Пән: | Биология |
| Сынып: | 11 |
| Бөлім: | Молекулалық биология және Биохимия |
| Оқу мақсаттары: |
11.4.1.1 — антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру; 11.4.1.2 — фермент-субстрат комплексінің түзілу механизмін түсіндіру; 11.4.1.3 — ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуін салыстыру; 11.4.1.4 — нәруыз биосинтезі үдерісіндегі транскрипция мен трансляцияны сипаттау; 11.4.1.5 — генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру. |
| Жалпы балл: | 15 |
1-тапсырма (4 балл)
Максат: 11.4.1.1 — антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру; 11.4.1.2 — фермент-субстрат комплексінің түзілу механизмін түсіндіру.
Тапсырма: Кестені толтырыңыз. Әрбір процестің негізгі механизмін сипаттаңыз және мысал келтіріңіз.
| Процесс | Механизмі (сипаттама) | Мысал |
|---|---|---|
| Антиген-антидене әрекеттесуі | (оқушы жауабы: антигеннің антиденеге ерекше байланысуы, комплементарлық принципі бойынша әрекеттесу, иммундық жауаптың басталуы) | (мысалы: вирус бетіндегі антиген мен В-лимфоциттердің антиденесінің байланысуы) |
| Фермент-субстрат комплексінің түзілуі | (оқушы жауабы: субстраттың ферменттің активті орталығына қосылуы, «кілт-құлып» немесе индукциялық сәйкестік моделі, өнімнің түзілуі) | (мысалы: сахарозаның сахараза ферментімен глюкоза мен фруктозаға ыдырауы) |
Бағалау: әрбір дұрыс толтырылған жол — 2 балл (механизмі — 1 балл, мысал — 1 балл). Барлығы: 4 балл.