БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
| Пән | Алгебра |
| Сынып | 9 |
| Бөлім | Арифметикалық прогрессиялар |
| Оқу мақсаттары | 9.4.1.1 арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын білу және қолдану; 9.4.1.2 арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын білу және қолдану; 9.4.1.3 арифметикалық прогрессияның сипаттамалық қасиетін білу және қолдану. |
| Жалпы балл | 20 |
1-тапсырма (4 балл)
Арифметикалық прогрессияның алғашқы үш мүшесі берілген: -3; 1; 5.
- Прогрессияның айырымын табыңыз. (1 балл)
- Прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын жазыңыз. (1 балл)
- Прогрессияның 20-шы мүшесін есептеңіз. (2 балл)